Омер Сейфеддин (; 28 ақпан 1884, Генен — 6 наурыз 1920, Ыстамбұл) — түрік жазушы және ақын, түрік реалисттік новелла жанрының негіздеушілерінің бірі, өз уақытының аты шыққан түрік жазушыларының бірі.

1884 жылы Османлы империясының ның Гонен қалашығында туған. 1903 жылы әскери мектепті бітіріп, 1908 жылға дейін Измирде әскери қызметте болады.

Омер Сейфеддин бары-жоғы 36 жыл ғұмыр кешті. Жасындай жарқылдаған осы қысқа ғұмырында артында өлместей шығармалар қалдырды. Омер Сейфеддин өлең жазып, көркем аудармамен айналысқан, бірақ әлемге оның прозасы көбірек әйгілі. Қалемгер өзінің әдеби естеліктерінің бірінде былай дейді: дейді.

Омер Сейфеддиннің әңгімелері әлемнің әртүрлі тілдеріне аударылған. Сол себепті оқырманы көп қаламгерлер қатарына жатады.Қазақ Совет Энциклопедиясы,7 том

Сыртқы сілтемелер Статья в БСЭ. Статья в Литературной энциклопедии. Статья в Encyclopedia Britannica. Журнал «Литературная Кабардино-Балкария» № 1.2009 январь-февраль, с. 5: Омер Сейфеддин

Дереккөздер

Санат:1920 жылы қайтыс болғандар Санат:1884 жылы туғандар Санат:Түркия жазушылары