Пол Томас Андерсон (; 26 маусым 1970, Лос Анжелес, Калифорния, АҚШ), ПТА (PTA) инициалдарымен де кеңінен танымал — америкалық кинорежиссёр, сценарийші және кинопродюсер. Өз буынының ең көрнекті кинематографистерінің бірі ретінде жиі сипатталады.
Режиссер үш «Оскар», екі «Алтын глобус» және төрт BAFTA сыйлығының иегері. Сондай-ақ ол әлемдік деңгейдегі Венеция («Күміс арыстан»), Канн («Үздік режиссер») және Берлин («Алтын» және «Күміс аю») мәртебелі кинофестивальдерінің жеңімпазы атанған.
Андерсонның шығармашылығына тән басты ерекшелік — тағдыр тауқыметін тартқан, кемелсіз кейіпкерлердің ішкі дүниесін ашатын психологиялық драмалар. Оның фильмдерінде отбасылық берекесіздік, жатсыну, жалғыздық пен рухани тазару тақырыптары батыл визуалды әдістермен, атап айтқанда, үздіксіз қозғалыстағы камера мен ұзақ пландар арқылы шебер үйлесім тапқан.
Ол Фиона Эппл, Haim, Эйми Манн, Джоанна Ньюсом, Майкл Пенн, Radiohead және The Smile сияқты орындаушылардың музыкалық клиптерін түсірген. Сонымен қатар, Андерсон Джонни Гринвудтың Junun альбомы туралы деректі фильмнің (2015) және Radiohead тобының вокалисі Том Йоркке арналған Anima (2019) атты қысқаметражды музыкалық туындының режиссері болды.
Фильмография
Сыртқы сілтемелер
Дереккөздер
Санат:Үздік режиссёр үшін Оскар сыйлығының иегерлері Санат:Үздік бейімделген сценарий үшін Оскар сыйлығының иегерлері Санат:Үздік фильм үшін Оскар сыйлығының иегерлері (продюсерлер) Санат:Алтын глобус сыйлығының иегерлері Санат:BAFTA марапаты иегерлері Санат:Сезар сыйлығының иегерлері Санат:Спутник сыйлығының иегерлері