Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы — Республика сайлау комиссияларының біртұтас жүйесіне басшылық ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы.
Комиссияның негізгі міндеті Қазақстан Республикасында әділ, шынайы және еркін сайлаулар мен республикалық референдумдар өткізу болып табылады. Миссиясы — еркін және әділ сайлау мен республикалық референдумдар өткізу жолымен азаматтардың тікелей немесе өз өкілдері арқылы мемлекет істерін басқаруға қатысу құқықтарын қамтамасыз ету.Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ережені бекіту туралы 1993 жылдан бастап тұрақты негізде жұмыс істейді.Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ереженi бекiту туралы
Қысқаша тарихы Қазақ КСР-і депутаттарын сайлау және кері шақырып алу бойынша Орталық сайлау комиссиясы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1989 жылғы 22 қыркүйектегі қаулысымен 25 адамнан құрылған болатын. 1989 жылғы 18 қазанда Қазақ КСР-і депутаттарын сайлау және кері шақырып алу бойынша Орталық сайлау комиссиясы аппаратының құрамы бекітілді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысына сәйкес Ортсайлауком аппараты 7 адамнан құралды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 28 маусымда Қазақ КСР-і депутаттарын сайлау және кері шақырып алу бойынша Орталық сайлау комиссиясы құрамына өзгерістер енгізді. 1993 жылғы 8 желтоқсан күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясын сайлау туралы» қаулысы қабылданды. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының құрамын Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Жоғарғы Кеңес сайлады. Осы жылдың 21 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы Ереже бекітілді. 1995 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы» Жарлығы қабылданды. Орталық сайлау комиссиясының отставкаға кету туралы өтінішін қарай келе, Орталық сайлау комиссиясының бүкіл құрамын қызметтен босату туралы шешім қабылданды. 1995 жылғы 25 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жаңа құрамы бекітілді. 1996 жылғы 11 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Орталық сайлау комиссиясы туралы жаңа Ереже бекітілді.
Сайлау комиссиясын құру және сайлау тәртібі 2026 жылы қабылданған Конституция бойынша Орталық сайлау комиссиясының 6 мүшесін Президент Құрылтай депутаттарының келісімімен, ал төрағасын Президент өзі дербес тағайындайды. Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары мен хатшысы комиссияның отырысында сайланады.
Аумақтық сайлау комиссияларын Орталық сайлау комиссиясы, ал мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиялары мен учаскелік сайлау комиссияларын тиісті аумақтық сайлау комиссиялары құрады. Сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi 5 жылды құрайды. Егер бірмандаттық аумақтық сайлау округінің шекарасы әкімшілік аумақтық бірліктің шекарасымен тұспа-тұс келсе, округтік сайлау комиссиясы құрылмай, оның қызметін аумақтық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті мәслихаттар сайлайды. Қажет болған жағдайда жоғары тұрған сайлау комиссиясы тиісті мәслихат сайлау комиссиясының мүшесін сайлағанға дейін бос орынға сайлау комиссиясының мүшесін тағайындайды. Әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына саяси партияда мүшелігі жоқ кандидатура ұсынуға құқылы.
Төменгі деңгейдегі сайлау комиссиясының төрағасы, төрағасының орынбасары, хатшысы сайлау комиссиясының отырысында сайланады.
Аппарат құрылымы Төрағаның Хатшылығы Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі Сайлау процесін ұйымдастыру бөлімі Халықаралық ынтымақтастық бөлімі Электораттық оқытуды ұйымдастыру бөлімі Заң бөлімі Талдау және коммуникациялар бөлімі Бюджетті жоспарлау және атқару бөліміҚазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ҚҰРЫЛЫМЫ
Қарамағындағы ұйымдар «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлiк-техникалық орталығы» ШЖҚ РМК — электрондық сайлау жүйесi инфрақұрылымының объектiлерi торабын ұстау және дамыту саласында шаруашылық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын. 2005 жылы құрылған.«ҚР ОСК ИТО» РМК ҚҰРУ ТУРАЛЫ ҚАУЛЫ
Төрағалары № Суреті Аты-жөні Басқарған уақыты Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы (1993–) 1 99px Қаратай Тұрысов 8 желтоқсан 1993 17 наурыз 1995 2 99px Юрий Ким 25 наурыз 1995 24 қаңтар 1996 3 99px Зағипа Балиева қаңтар 1996 13 сәуір 2005 4 99px Оңалсын Жұмабеков 13 сәуір 2005 17 қаңтар 2007 5 99px Қуандық Тұрғанқұлов 17 қаңтар 2007 13 қыркүйек 2016 6 99px Берік Имашев 13 қыркүйек 2016 25 қаңтар 2022 7 99px Нұрлан Әбдіров 25 қаңтар 2022 —
Комиссия мүшелері Реті Аты-жөні Тағайындалған уақыты Лауазымы 1 Нұрлан Әбдіров 25 қаңтар 2022 ОСК төрағасы 2 Мұхтар Ерман 30 наурыз 2022 ОСК хатшысы 13 қараша 2024 ОСК төрағасының орынбасары 3 Шавхат Өтемісов 24 ақпан 2022 ОСК мүшесі 13 қараша 2024 ОСК хатшысы 4 Азамат Айманақұмов 7 қараша 2024 ОСК мүшесі 5 Михаил Бортник 7 қараша 2024 ОСК мүшесі 6 Әсел Жанәбілова 22 қазан 2025 ОСК мүшесі 7 Ләззат Сүйіндік 7 қараша 2024 ОСК мүшесі
Бұрынғы мүшелерінің тізімі Аты-жөні Мүше болған уақыты Лауазымы Қаратай Тұрысов 1993 — 1995 Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Александр Судьин 1993 — 1995 Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Волков 1993 — 1994 Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Талғатбек Абайділдин 1993 — 1995 Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Юрий Ким 1995 — 1996 Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Үсен Жетенов 1995 — 1996 Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары 2008 — 2012 Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зағипа Балиева 1995 — 1996 Орталық сайлау комиссиясының хатшысы 1996 — 2005 Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қапар Бөкенов 1995 — 2003 Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Майдаш Оспанова 1995 — 2008 Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова 1995 — 2016 Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Қуандық Тұрғанқұлов 1996 — 2007 Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары 2007 — 2016 Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Елена Кулешова 1996 — 2003 Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Владимир Фоос 2000 — 2017 Орталық сайлау комиссиясының мүшесі 2003 — 2007 Орталық сайлау комиссиясының хатшысы 2007 — 2017 Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Бақыт Мелдешов 2003 — 2020 Орталық сайлау комиссиясының мүшесі 2007 — 2017 Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Ләззат Сүлеймен 2003 — 2019 Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Оңалсын Жұмабеков 2005 — 2007 Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Марат Сәрсембаев 2007 — 2017 Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Берік Имашев 2016 — 2022 Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Сәбила Мұстафина 2016 — 2024 Орталық сайлау комиссиясының мүшесі 2017 — 2021 Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Константин Петров 2016 — 2024 Орталық сайлау комиссиясының мүшесі 2017 — 2024 Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Наталья Годунова 2017 — 2018 Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдина 2017 — 2019 Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ақылбек Ихданов 2018 — 2020 Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова 2019 — 2024 Орталық сайлау комиссиясының мүшесі 2021 — 2022 Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Серік Сыдықов 2020 — 2022 Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаев 2020 — 2022 Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов 2020 — 2025 Орталық сайлау комиссиясының мүшесі
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мемлекеттік құрылымдары