thumb|right|200px| Эгон Эрвин Киш (; 1885 жыл 29 сәуір, Прага, Аустро-Венгрия — 1948 жыл 31 наурыз, Прага, Чехословакия) — чех-неміс жазушысы және журналист, Испаниядағы азаматтық соғысына қатысқан. Ұлты – еврей.

Шығармашылығы Шығармаларын неміс тілінде жазған. Әдеби қызметі 1904 жылдан басталды. 1918 жылдан Аустрия Коммунистік партиясының мүшесі. 1937-38 жылдарында Испанияда халықаралық бригада құрамында соғысқа қатысты. Киштің «Жеңгетай» (1914) атты романы, «Ұрланған қала» (1923) пьесасы бар. Буржуазиялық баспасөздің Кеңестік Ресейге қарсы өсек-аяңын әшкерелеп, «Патша, поп, большевик» (1927), «Азия түбірінен өзгерді» (1932) және т.б. репортаждар жазды. «Үш сиыр. Бір шаруамен әңгіме» (1938), «Жағажайдағы сарбаздар» (1938), «Мексикада жаңалықтар» (1945) т.б. кітаптарын жазды. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том

Дереккөздер

Санат:1885 жылы туғандар Санат:1948 жылы қайтыс болғандар Санат:Аустрия жазушылары Санат:Аустрия журналисттері Санат:Чехославакия жазушылары Санат:Чехославакия журналисттері Санат:Германия жазушылары Санат:Аустрия революционерлері Санат:Чехославакия революционерлері Санат:Аустрия коммунисттері