Альбрехт Венцель Эусебиус фон Валленштейн (Вальдштейн) (, , 15 қыркүйек 1583 ж., Гержманице, Богемия, Чехия — 25 ақпан 1634 ж., Хеб, Богемия, Чехия) — қолбасшы, Отыз жылдық соғыста империялық бас қолбасшы болды. Тегі - чех дворяны.

Атқарған қызметтері Чех көтеріліс басуға қатысты. 1624 жылдан Фридландия герцогы. 1625 жылдан империялық бас қолбасшы. 1626 ж. ол басқарған армия Дессау түбінде протестанттар әскерін жеңді, 1629 ж. Дания королы Кристиан IV-ні бітімге күштеп көндірді. Императордан мекленбург герцогтығын, Заган княздығын, "Мұхит және Балтық теңіздері" генералы атағын алды.

1630 жылы отставкаға шықты, 1932 жылы империя армиясының жоғарғы қобасшысы болып тағайындалды. 16 қарашада Лютцен маңында швед әскерлерінен жеңілді. Офицерлер тобының қолынан қаза тапты.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976ж., 8 том

Дереккөздер

Санат:Чехия тұлғалары

Санат:Германия саясаткерлері Санат:Чехия тарихы Санат:Отыз жылдық соғыс Санат:Генералиссимустар