Ақсу – Жайық алабындағы Ор өзенінің саласы.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 72 км, су жиналатын алабы 1070 км2.

Бастауы Бестөбе (414 м) тауының шығыс беткейінен басталып Ор өзеніне сол жағынан құяды.

Гидрологиясы Көктемде қар ерігенде тасиды. Ені 6-8 км-ге жететін жайылмасы шабындыққа пайдаланылады.Атамекен Географиялық энциклопедия. Алматы 2011 ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Жайық су алабы өңірі өзендері Санат:Мұғалжар ауданы географиясы