Жиіліктің фазалық автотуралауы (орыс. Фазовая автоподстройка частоты, ФАПЧ-PLL). Кері байланыс тізбегінің көмегімен фазаны туралауға негізделген, берілген фазалық қатынасы бар сигналдарды қалыптастыру әдісі. Типтік ФАПЧ-ның құрамына фазалық детектер (ФД) және төмен жиіліктердің сүзгісі кіреді. ФД шығыс сигнал кіріс сигналдар фазаларының айырымына пропорционал өзгереді. Ол ФНЧ-да сүзіледі және генератордың бастапқы жұмыс режиміне қайта оралуын басқарады. ГУН және ФД арасында программаланатын жиіліктік бөлгіштері қосқан кезде әртүрлі жиіліктердің шығыс сигналдарын алуға болады. Жиілікті фазалық автотураланатын жүйелер жиілік синтездегішінде және тасушы жиіліктің когерентті қалпына келтіру құрылғыларында кең таралған. Радиотехника, Компьютер және байланыс сөздігі, Алматы 2007
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Жиіліктің фазалық автотуралауы · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.