Дұғаның маңызы Дұға – әлсіз, әлжуаз пенденің құдіреті шексіз Ұлы Жаратушымен үнемі байланыс құруы, арқа сүйеуі. Дұға – мұсылмандағы асқақ арман-тілектің көрінісі. Адам баласының осы асқақ арман-тілегінің ішінде ұрпақ сүю де бар. Сондықтан ол Жаратқаннан ұрпақ сыйлауын сұрап, дұға жасайды. Құранда берілген дұғалардан адамзат үшін ізгі ұрпақтың қаншалықты маңызды екенің байқаймыз. Себебі, пайғамбарлардың өзі кейінгі ұрпағының тақуалығын тілеген. Біз пендешілікпен әйтеуір бір ұрпақ бере гөр немесе ұл не қыз болсын деп сұрап жатамыз. Ал оның қандай болып өсетінін көп ойлана бермейміз. Сондықтан Ұлы Жаратушыдан салиқалы ұрпақ сұрау керек. Ол үшін ұрпағымыз өмірге келмей тұрып аталмыш мазмұндағы иләһи дұғаларды көбірек оқығанымыз абзал. Дереккөзі «Айгөлек» балалар журналы, №12, 2014 жыл.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Дұғаның маңызы · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.