Кабилдер (араб. кабиль – тайпа) — Алжирдің солтүстігіндегі бербер халқы. Олар негізінен Алжир қаласының шығысындағы Джурджура мен Бабор тауларында тұрады. 2,9 млн адам. (2007, бағалау). Олар сондай-ақ Бельгияда (50 мың адам), Ұлыбританияда (3 мыңнан астам адам) тұрады. Жалпы саны 4 миллион, кейбір деректерде 6 млн. адам.Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/2030580

Тілі Кабил этникалық тобы афро-азиялық отбасынан шыққан кабил, бербер тілінде сөйлейді. Екінші және үшінші тіл ретінде көптеген адамдар Алжир араб, француз және ағылшын тілдерінде сөйлейді. Тарихының алғашқы ғасырларында қабилалар тифинаг жазу жүйесін қолданған. 19 ғасырдың басынан бастап Францияның ықпалымен олар латын әліпбиін қолдана бастады. Ол қазіргі бербер латын әліпбиінің негізі болып табылады.Кабылы https://alphapedia.ru/w/Kabyle_people

Діні Кабилдер ислам дінінің суннит тармағын ұстанады, католиктер бар./ Буква "К" /Кабилы http://knowledge.su/k/kabily-

Тарихы Кабилдер – Солтүстік Африканың ежелгі тұрғындары. Кабилдердің кейбір бөлігі араб жаулап алушыларымен күресте өз тілі мен мәдениетін сақтап қалған. Кабилдер 19 ғасырда Алжир халқының француз отаршыларына қарсы ұлт-азаттық күресіне белсене қатысқан.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том."Ислам және өркениет" газеті..

Кәсібі Дәстүрлі шаруашылық – бау-бақша (зәйтүн және інжір ағаштарын өсіру) және дәнді дақылдарды өсіру (қатты бидай, арпа), қосалқы кәсіп ретінде мал шаруашылығымен, аңшылықпен айналысады. Қой мен ешкі, сиыр ұстайды. Жердің жетіспеушілігі таулық-кабилдерді қалаларға және шетелдерге (көпестер, шенеуніктер, жұмысшылар, зиялы қауымның бір бөлігі) кетуге мәжбүр етті. Кабилдердің бір бөлігі қазір өнеркәсіпте жұмыс істейді, сондай-ақ, ірі жер иелерінің плантациясында жалданып еңбек етеді.Народы и культуры Кабилы https://travel-journal.ru/ethno/38/299/

Өмір салты Отбасы үлкен, патриархалды. Тахаррубт - бірнеше отбасының бірлестігі, олардың мүшелері өздерін бір ата-бабадан 4-5-ші ұрпақта пайда болған деп санайды. Бірнеше тахаррубт адрумды құрайды, бірнеше адрумдар — ауылды мекендейтін таддарт тобын құрады. ХХ ғасырдың бірінші жартысында ауылдардағы жерлер үлкен отбасылардың бөлінбейтін меншігі болып саналды. ХХ ғасырдың ортасынан бастап отбасылық жерлердің бөлінуі жиі кездеседі.

Дәстүрлі ауылдары - бұл бітеу қабырғалары бар, кіреберістері және ауылға кіретін қақпалары бар жақын орналасқан үйлер тобы. Үйлері саз балшықтан, шикі кірпіштен, тастан қаланған шатырсыз болып келеді. Үйлердің шағын аулалары бар. Ауылда әдетте екі көше бар, ішкі көше әйелдерге арналған, сыртқысы ерлерге арналған. Әдетте әр ауыл таудың басында орналасады.

Ер адамдар еуропалық киіммен бірге бурнус, әйелдер иығында қамыты бар көйлектер (хубба, тахуббат) киеді.народы мира / Кабилы http://www.etnolog.ru/people.php?id=KABI

Дереккөздер

Санат:Мұсылман халықтары Санат:Алжир халықтары