Левиафан — режиссёр Андрей Звягинцев түсірген 2014 жылғы ресейлік әлеуметтік драма. Көне Өсиетте Левиафан деп мифологиялық теңіз құбыжығын атайды. Фильмде бұл библиялық бейне мемлекеттік биліктің метафорасы ретінде қолданылған.

Басты рөлдерді Алексей Серебряков, Елена Лядова, Владимир Вдовиченков және Роман Мадянов сомдады. Картина 2014 жылғы Канн кинофестивалінің негізгі байқау бағдарламасында «Алтын пальма бұтағы» сыйлығы үшін бақ сынауға таңдалып алып, нәтижесінде Звягинцев пен Негин «Үздік сценарий» номинациясын жеңіп алды. Оған қоса, «Левиафан» 72-ші «Алтын глобус» марапатында «Шет тіліндегі үздік фильм» сыйлығын72ND ANNUAL GOLDEN GLOBE® AWARDS NOMINEES ANNOUNCED . dickclark.com. Retrieved 11 December 2014 және 2014 жылы Азия-Тынық мұхиты аймағының марапатында (APSA) «Үздік көркем фильм» номинациясын жеңіп алды. Сонымен қатар, фильм 87-ші «Оскар» марапатында «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясына үміткерлер қатарынан көрінді.

Суреттеме Солтүстіктегі шағын қалалардың бірінде тұратын Николай есімді азамат пен оның отбасы туралы хикая. Ол жердің тумасы және оған дейін әкесі де осы жерде тұрған. Бірақ өзгелердің ықпалымен оның қалыпты өмірі бұзылады.

Басты рөлдерде АктерлерРөлдеріАлексей СеребряковНиколай Николаевич СергеевЕлена ЛядоваЛилия Петровна Сергеева Владимир ВдовиченковДмитрий Михайлович Селезнёв Роман МадяновВадим Сергеевич Шелевят Анна УколоваАнжела Ивановна ПоливановаАлексей РозинПавел Сергеевич Поливанов Сергей ПоходаевРомка Платон КаменевВитя

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Internet Movie Database сайтында The Economist журналында рецезиясы

Санат:Андрей Звягинцев фильмдері Санат:Орыс тіліндегі фильмдер Санат:Ресей драма-фильмдері Санат:Ресей туралы фильмдер Санат:2014 жылғы Ресей фильмдері Санат:Православие туралы фильмдер Санат:Ресейде түсірілген фильмдер