Жер қойнауында сақталатын жылу энергиясы геотермальді энергия көзі болып саналады. Жер астының кейбір бөліктерінде жер бетіне жақынырақ орналасқан магмалардың немесе балқыған заттардың ағыны жерасты суын қыздырады және одан бу пайда болады. Геотермальді электрстанцияларын геотермальді энергия көздерінің маңында салады. Мұндай электрстанциялар энергияны өндіру үшін отындарды қолданбайды. Геотермальді электрстанцияларда суық суды жер қыртысынан құбырлар арқылы сорып шығарады, ал жердің жылу энергиясы суық суды жылу мен буға түрлендіреді. Бу электр энергиясын өндіру үшін турбиналарды қозғалысқа келтіру мақсатында қолданылады. Алынған жылу тікелей ғимараттарда орнатылған жылу жүйелеріне жеткізіледі. Италияда оңтүстік Тосканадағы Лардерелло геотермальді электрстанциясы - дүниежүзіндегі ең алғашқы геотермальді электрстанция. Ол 1911 жылы салынды. Бұл электрстанция аты әйгілі Валь дель Диаволо деген жерде орналасқан.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Геотермальді энергия · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.