Жаманадыр – Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігі аумағында орналасқан тау. Шідерті мен Өлеңті өзендері аралығында. Абсолюттік биіктігі 443 м. Батыстан шығысқа қарай 7,5 км-ге созылып жатыр, ені 3 км.
Геологиялық құрылымы, жер бедері Тау ордовиктің ортаңғы және жоғарғы тау жыныстарынан түзілген. Беткейлері көлбеу келген.
Топырағы, өсімдігі Тау етегінде шала дамыған қою күлгін және ксероморфты топырақтар таралған. Қараған, жусан, т.б. бұталы петрофитті өсімдіктер өседі. Етегі мал және егін шаруашылықтарына пайдаланылады."Қазақстан табиғаты энциклопедиясы"
Дереккөздер
Санат:Екібастұз қалалық әкімдігі таулары