Әбдікәрім Аббасов (1920, Қырғызстан, Қаракөл – 27 тамыз 1949) — қоғам қайраткері, Үш аймақ төңкерісі басшыларының бірі. Ұлты — ұйғыр.
Әке-шешесі 1927 жылы Шыңжаңға қоныс аударады. 1938 жылы Шыңжаң интернатында оқып жүрген кезінде Аббасов Сауандағы лагерьге айдалды (1941). 1942 жылы Құлжадағы қыздар орта мектебінде мұғалім, аймақтық әкімшілікге аудармашы болып жұмыс істеді. 1944 жылы Құлжадағы Үш аймақ төңкерісіне катысты. Үш аймақ Уақытша үкіметінің мүшесі, Ішкі істер жөне үгіт-насихат министрі, 1945 жылғы сәуірде Үш аймақ ұлттық армиясының саяси комиссары, 1946 жылы Шыңжаң аймағындағы бірлескен үкіметінің мүшесі, бас хатшысының орынбасары болды. Сол жылы желтоқсанда Нанкиндегі жалпыхалықтық кұрылтайға қатысты. 1948 жылы Шыңжан Бейбітшілікті қорғау демократиялық одағының мүшесі. Ақпарат басқармасының бастығы болып тағайындалды. 1949 жылы ұшақ апатынан қаза тапты.Қ 18 «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ә. Нысанбаев. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. — 720 бет. ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Ұйғырлар