Сыщенко Николай Николаевич (9 мамыр 1923 жылы, Солтүстік Қазақстан облысы Ғ. Мүсірепов ауданы Рузаев селосы – 10 наурыз 1979 жылы,Көкшетау облысының Щучинск қаласы) – 3­-дәрежелі «Даңқ» орденінің толық иегері. Ұжымшарда жұмыс істеген. 1942 жылдың маусым айында Қызыл Армия қатарына алынып, Ұлы Отан соғысының майдандарында 1942 жылдан ұрыстарға қатысқан. 238-­атқыштар дивизиясы 837-­атқыштар полкінің минометшілер тобының командирі болған. 1946 жылы әскер қатарынан босатылған. Щучинск қаласында тұрып, жұмыс істеген.

Дереккөздер Орысша уикипедия

Тағы қараңыз Сыщенко Николай Николаевич

Санат:Ұлы Отан соғысы Санат:1923 жылы туғандар Санат:1979 жылы қайтыс болғандар