Алекса́ндр Мильера́н () (10 ақпан 1859 жылы, Париж, — 7 сәуір 1943 жылы, Версаль) — француз қайраткері, Франция президенті (1920—1924).

Саяси мансабын буржуазиялық радикал ретінде бастады. 1885 ж. парламент депутаты. 90 жылдың басында социалисттік қозғалысқа қосылып, оңшыл бағыт ұстады, реформашыл саясатты жақтады. 1899 ж. сауда және өнеркәсіп министрі ретінде үкімет құрамына кіріп, капиталисттік құрылысты белсенді түрде қорғады. Бұл социалистің тарихта тұнғыш рет буржуазиялық үкіметке қатысуы еді, және бұл мильеранизм деген ұғымның пайда болуына себеп болды.

1904 ж. Француз социалистік Партиясынан шығарыды. 1909-10, 1912, 1913, 1914, 1915 ж. түрлі министрліктерде министрдің қызметін атқарды. 1920 ж. қыркүйектен қаңтарға дейін Министрлер Кеңесінің төрағасы және сыртқы істер министрі қызметін атқарды.

Александр Мильеран Кеңес Одағына қарсы интервенцияны белсене ұйымдастырушылардың бірі болды. 1920-24 ж. республика президенті, 1925-27 ж. сенатор.Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев

Мильеран үкіметі (20 қаңтар — 24 қыркүйек 1920) Александр Мильеран — Франция шеткі істер министры; Андре Лефевр — әскери министры; Теодор Стег — ішкі істер министры; Фредерик Франсуа-Марсаль — қаржы министры; Поль Журден — еңбек министры; Гюстав Л’Опитё — заң министры; Адольф Ландри — теңіз министры; Андре Оннора — өнер министры; Андре Мажино — грант, пенция, пособия министры; Жозеф Рикар — ауыл шаруашылық министры; Альбер Сарро — бөлімшелер министры; Ив Ле Трокер — қосымша жұмыстар министры; Огюст Исаак — салық және сауда саттық министры; Эмиль Ожье — босатылған облыстар министры.

Дереккөздер

Үшінші Француз респубикасының президенттері

Санат:Франция президенттері Санат:Франция премьер-министрлері Санат:Франция социалистері