Есілбай Тәлкейұлы Қадралин 1948 жылы Көкшетау облысы Қызылту ауданы Чапаев селосында дүниеге келген. Социалистік Еңбек Ері (1980). Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1997).
Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан.Қанжығалы шежiресi, Құрастырушылар Ғ.Умаров, Қ.Әлімжанов, бас редактор Негимов Серік 558 бет, Астана 2017 - ISBN 9786013026701
1964-1982 жылдары шопан, жүргізуші, механизатор, 1982 жылдан трактор-егістік бригадасының бригадирі, 1989-1992 жылдары ауылдық кеңестің төрағасы қызметтерін атқарған. Мәскеудегі Дүниежүзі жастарының кездесуіне қатысқан (1972), Берлиндегі Жастар және студенттердің 10-бүкіләлемдік фестивалінің делегаты. 1975 жылы Қазақстан жастары атынан Бирма Республикасында болып қайтты. Қазіргі кезде фермер.
2 мәрте «Ленин», Октябрь революциясы ордендерімен, медальдармен марапатталған.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
Уәлиханов ауданы мәслихаты сессиясының 2007 жылдың 24 желтоқсанынан №6-4с шешімімен «Уәлиханов ауданының құрметті азаматы» деген атақ берілді.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Елі үшін еңбек еткендер Уәлиханов ауданының құрметті азаматтары
Санат:1948 жылы туғандар Санат:Уәлиханов ауданында туғандар Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Қазан төңкерісі орденінің иегерлері Санат:Уәлиханов ауданының құрметті азаматтары Санат:Механизаторлар