Вермонт () — АҚШ-тың солтүстік-шығыс бөлігіндегі штат. Жаңа Англия штаттар тобына жатады. Жері 24,9 мың км². Халқы 627 мың, оның 40% пайызы қалада тұрады. Әкімшілік орталығы – Монтпилиер. Жерінің көп бөлігін Аппалач тауларының Жасыл таулар бөлігі алып жатыр. Экономикасының басты саласы ауыл шаруашылығы, оның ішінде сүтті мал өсіру. Жерінің 11%-ы егістік, оның 90%-на жем-шөп дақылдары егіледі. Ағаш өңдеу, мата тоқу, металл өңдеу кәсіпорындары бар. Асбест, гранит, мәрмәр, мыс рудасы өңдіріледі. Табиғат көркін тамашалау үшін туристтер көп келеді.

Галерея

Сыртқы сілтемелер Vermont Counties, Towns, Mountains, Rivers, and Lakes, from Hayward’s Gazetteer of 1839. State of Vermont. Vermont Department of Tourism and Marketing Vermont.com Guide to the State of Vermont Vermont Historical Society. Vermont Judicial System. «Vermont QuickFacts.» U.S. Census Bureau. «Vermont State Historic Sites.» Vermont Division for Historic Preservation. Vermont State Legislature. «Maps of Vermont.» VermontInformation.com News, events, and Vermont link directory.

Санат:Вермонт