Сенситометрия – жарық сезгіш заттардың фотогр. қасиеттерін өлшеу туралы ілім. Фотогр. процестің жеке сатыларына сандық бақылау жасау және фотогр. материалдарды өңдеу сенситометрияға негізделген. Ол астрономияда, спектроскопияда т. б. ғылыми салаларында кеңінен қолданылады. Сенситометрия негізінен денситометрия, интегралдық сенситометрия және спектрлік сенситометрия деп аталатын үш бөлімнен тұрады. Денситометрия алдын ала хим.-фотогр. өңдеуге ұшырған фотогр. қабаттардағы жарықтың жұтылуын, шағылуын және шашырауын өлшейді. Интегралдық сенситометрия спектрлік құрамы күрделі болатын жарықтың (мыс., ақ жарық) фотогр. қабаттарға тигізетін әсерін, ал спектрлік сенситометрия оларға түрлі монохромат сәулелердің тигізетін әсерін талдаудан шұғылданады.Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Сенситометрия · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.