Маралды – Жоғарғы Ертіс алабындағы өзен.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданындағы өзен. Ұзындығы 57 км, су жиналатын алқабы 809 км2.

Бастауы Өзен Нарын жотасының оңтүстік беткейінен басталып, Маралды ауылының тұсында Күршім өзеніне құяды.

Гидрологиясы Аңғары тар, тік шатқалды. Ағыны қатты. Қар, жауын-шашын суымен қоректенеді. Жылдық орташа су шығыны сағасында 10,6 м3/сек. Ағаш ағызады, мал суарады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ертіс су алабы Санат:Күршім ауданы өзендері