Киппер-Чехова Ольга Леонардовна (21.9.1868, Глазов,-22.3.1959, Мәскеу)- орыс совет актрисасы, КСРО халық әртісі (1937). Инженер- технолог семьясында туды. А.П.Чеховтың зайыбы. Алғашқыда әуесқойлар спектакліне қатысты. 1898 ж. Мәскеу филармониялық қоғамының музыкалы- драма училищесін бітірді. Осыдан кейін сол жылы ірге көтерген Мәскеу Көркем театрының құрамына қабылданды. Алғашқы рөлі- А.К.Толстойдың «Патша Федор Иоаннович» пьесасындағы Ирина патша. Оның А.П.Чехов пен А.М.Горький пьесаларында жасаған сахналық тұлғалары психологиялық терңдегімен ерекшеленеді. Дерек көздер Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974 жыл,5 том, бас редакторы М.Қ. Қаратаев, 480 бет
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Киппер-Чехова Ольга Леонардовна · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.