Глогер заңы – Константин Глогермен қойылған заң. Жануарлардың дене түсінің тіршілік ететін ортасына байланысты өзгеретінін сипаттайтын зоологиялық заңдылық. Бұл ережені алғаш рет 1833 жылы неміс зоологі Константин Вильгельм Ламберт Глогер (K.W.L. Gloger) ұсынған.Глогер К. В. Л. (1833). Das Abändern der Vögel durch Einfluss des Klima.; Encyclopedia Britannica – Gloger’s rule
Бұл заң бойынша, салқын және құрғақ климаттағы жануарлардың түсі жылы және ылғалды климаттағы жануарлардікінен қараңғылау келеді екені туралы айтылады. Себебі, қара түс сәуледен бөлінетін жылылықты ашық тустен қарағанда, жақсырақ сақтайды. Большой справочний школьника. 5-11 классы. – 6-ое издание, Б79 исправленное – М.: ДРОФА, 2004. – 1103.
Ғылыми негізі Пигментация мен меланин:
Меланин — түс беретін пигмент. Ылғал ортада микробтар мен саңырауқұлақтар көп кездесетіндіктен, меланин олардың зиянды әсерінен қорғайды. Сол себепті мұндай аймақтағы жануарлар күңгірт түске бейімделеді.Campbell Biology, 11th ed.
Маскировка (қорғаныс бояуы):
Ауа райы жағдайына бейімделу — жануардың мекендеу ортасында жасырынып қалуы үшін маңызды. Мысалы, шөлейттегі жануарлар ашық түсті құмда көзге түспеу үшін сарғыш немесе сұр болады.Ecogeographical Rules in Mammals, ScienceDirect (2019): https://www.sciencedirect.com/science/article/pii/S1616504719301336
Мысалдар
Құстар: Ылғалды тропикалық ормандарда өмір сүретін торғай тәрізділер – қара немесе қоңыр түсті. Құрғақ далаларда өмір сүретін ұқсас түрлер – ашық сұр немесе сарғыш түсті. Сүтқоректілер: Тропикалық аймақтағы түлкілер күңгірт түсті, ал тундра түлкісі (песец) – қардай ақ. Адамдарда да тері пигментациясы климатқа байланысты өзгереді — бұл тұжырым көбінесе экологиялық факторлармен түсіндіріледі.Douglas Futuyma – Evolutionary Biology; ScienceDirect – "Ecogeographical rules in mammals"
Глогер заңының биологиядағы маңызы
Бұл заң эволюциялық бейімделу мен табиғи сұрыпталу механизмдерін түсінуге көмектеседі. Жануарлар морфологиясындағы экологиялық заңдылықтардың бірі ретінде Бергман мен Аллен заңдарымен қатар жиі аталады."Экология және тіршілік ортасы" – ЖОО оқулығы, ҚР БҒМ ұсынысымен;
Mayr, Ernst. Principles of Systematic Zoology
Дереккөздер
Санат:Экология заңдары Санат:Биологиялық заңдар