Мұхиттағы дивергенция зонасы – Дүниежүзілік мұхиттың бекті ағыстарының таралу аймағы. Су бетіндегі жел ағыстарының шапшандығының және су тығыздығының бір қалыпты таралмау салдарынан қалыптасады. Циклондық циркуляция аймағында, жел және су ағыстарының қарама-қарсы бағытқа шұғыл өзгеру аудандарында анық байқалады. Тереңнен көтерілу ағыстарының әсерінен дивергенция зоналары жоғарғы қабат сулары қоректік заттары мол қабаттармен байытылып (биол. Өнімділіктің жоғарлауына әсер етеді) отырады. Бұл зоналар - балық кәсібіне өнімді мол беретін аудан. Дивергенцияның тұрақты зоналары мұхиттардың қоңыржай және субтропиктік ендіктерінің шығыс бөліктері болып есептеледі Қ. Мұхиттағы конвергенция зонасы.Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Мұхиттағы дивергенция зонасы · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.