Жалқы жігіт - орындаған Ж.Шәкәрім және күйші С.Торсықбаев . Нотаға түсірген-А.Есенұлы. Күйдің аңызы Қоралы жылқы біткен жалғыз жігіт жылқысын бағып жүргенде тосыннан келген жау жылқысымен қоса өзін де қолға түсіреді. Жау қолынан құтылудың амалын таппай, торыққан жігіт жаудан жылқысын аралатуды өтінеді. Жаулар жанына бірнеше бақылаушы ертіп беріп, жылқысын аралауға рұқсат береді. Бұл күйді қолы байлаулы жаяу жігіт жылқыларын аралап жүріп өткен өмірін ойлап толғанғандағы толғанысы екен дейді. Күйде жалғыз ұлы жау қолына түскенін естігенде шешесі мен келіншегінің зарлауы да бар. Дереккөздер Қазақ музыкасы кітабы , 2005 жыл Алматы, 493 бет
http://aldiyar.kz/index.php?option=com_content&view=category&id=86&Itemid=131