Әуппай — Қорқыт атаның авторлығында жеткен қобыз күйі.

Алғаш рет 1986 жылы М.Жарқынбековтың «Ғасырлар үні» оқу құралында жарық көрген. Аңызын айтып, күйін тартып берген Н.Шәменұлы (1883-1979), жазып алған М.Жарқынбаев.

Күйдің аңызы Бұл күйдің де өзіндік сыры бар. Қорқыт қасиетті кілемін төсеп, су бетінде отырғанда, Сырдарияның жағасына бала көтерген бір әйел келеді. Өзі арып-қашқан әйелдің емшегінен сүт шықпай, аш бала уанбай жылай береді. Ол Дарияның ортасында ағып келе жатқан Қорқыттан көмек күткендей телміре қарап, баласын: "Әуппай, әуппай", - деп жұбатып тұрады. Сонда қолынан келер қауқары, жәрдем берер халі жоқ күйші: Айналайын балам-ай, Жас балаңа алаңдай, Аш болсан да ойыңда Аман сақтау балаңды-ай, - деп тебіреніп, ананың перзентіне деген ыстық махаббатын күй тілімен сөйлеткен екен.Қазақ музыкасы кітабы, 20005 жыл Алматы,475 бет

Дереккөздер

Санат:Қорқыт күйлері Санат:Қобыз күйлері