Мүткенов — Павлодар облысы Ақтоғай ауданындағы ауыл, Мүткенов ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 22 км жерде, Ертіс өзенінің сол жағасында.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен12261113 842 75,7 542 428 79 571 414 72,5
Тарихы Іргесі 20 ғасырдың бас кезінде қаланған. 1931-96 жылдары сүт бағытындағы кеңшардың орталығы болып келді. Кеңшар негізінде 1996 жылы Мүткеновте және окрутегі Әбжан, Жаңатап, Жаңабет, Естай, Шоқпар ауылдарында сүт және сүт тағамдарын өндірумен айналысатын бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. Ауыл Кеңес Одағының батыры С. Мүткеновтің есімімен аталады.
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданы (Павлодар облысы) елді мекендері