Анхелес Балбиани Мореа () — аргентиналық актриса және фотомодель. Өзінің "Мятежный дух" атты сериалдағы сомдаған Фелиситас Митре рөлімен танымал.
Өмірбаяны Анхелес Аргентина астанасы - Буэнос-Айреста 1982-ші жылдың тамыз айының 8-ші жұлдызында дүниеге келген. 3 жасынан бастап модель болып жұмыс істеген. Кинодағы алғашқы Фелиситас рөлін сомдағанда, Буэнос-Айрес Драма Өнер Университетінде оқыған. "Мятежный дух"-тан кейін "Флорисьента" теленовелласында ойнайды.
Жеке өмірі Ата-анасы Анхелес 9 жаста болғанда ажырасқан, кейін анасы Хавьер атты еркекке тұрмысқа шыққан. Анхелестің үлкен апайы Барбара, үлкен ағасы Хосе Мануэль және де Родриго мен Марциаль деген екі бауыры бар. 2007-ші жылы Феликс Мальонеге тұрмысқа шығып,балалы болады. Баласының атын-Бенхамин деп қояды.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Анхелес Балбиани TV.com сайтында
Санат:Фотомодельдер Санат:Аргентина фотомодельдері