Қоңыржал – Басқағыл тауларының шығысындағы жота.

Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Сәтбаев қаласының солтүстік-шығысында 42 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 517 м. Батыстан солтүстік-шығысқа қарай доға тәріздес созылған бірнеше шоқылардан тұрады. Ұзындығы шамамен 30 км шамасында, енді жері 2-3 км.

Геологиялық құрылымы Жер қыртысы девон, силур кезеңдерінің шөгінділерінен түзілген.

Жер бедері Тізбектелген жонды-қырқалы шоқылардың аңғарлары құрғақ өзен арналарымен тілімденген. Баурайындағы бұлақтардан Сарыкеңгір, Қаракеңгір өзендерінің салалары бастау алады.

Өсімдігі Карбонатты қоңыр топырақ жамылғысында бұта араласы жусан, боз, селеу, қозықұлақ, қылқұрт өседі. Қоңыржалдың оңтүстігінде 21 км жерде өзімен аттас тау орналасқан.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Ұлытау ауданы таулары