Қызылтау – Семізбұғы тауының солтүстік-батысындағы аласа тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Үміткер ауылының шығысында 17 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 776 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 9 км-ге созылған, енді жері 4,5 км.
Геологиялық құрылымы Силур кезеңінің жыныстарынан түзілген. Түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатады.
Жер бедері Қырқалы төбелерден тұрады. Беткейі мен баурайында таудың қиыршықтастары мен қорымтастардың мол үйінділері шоғырланған. Солтүстігінде Төрткөл көлдері, оңтүстік-шығысында Жартас таулары орналасқан. Оңтүстігінен Жартас өзенінің саласы бастау алады. Беткейлері тік, көптеген өзен аңғары, сай-жыралармен тілімделген. Оңтүстік-шығыс беткейі тік жартасты, кейбіреулерінің биіктігі 10-12 м-ге жетеді.
Өсімдігі Қызыл қоңыр топырағында бетеге, көде, жусан, қараған өседі. Оңтүстік-шығыс және шығыс беткейлерінен бұлақтар бастау алады. Қызылтаудың Сарыадыр деген жерінде 1919 жылы Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашқан С. Сейфуллин паналаған.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5 Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Бұқар жырау ауданы таулары