Қызылтас – Тасжарған төбесінің солтүстік-батысындағы оқшау төбе.

Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданы Мәдениет ауылының солтүстік-шығысында 18 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 706 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 2,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км шамасында.

Жер бедері Беткейі көлбеу келген. Солтүстігінде Ажар, Сарыбұлақ қыстаулары, батысында Қойтас жоны, оңтүстігінде Саянбай, Жолдас қыстаулары мен Көкен бұлағы, шығысында Кіпірбай қыстауы орналасқан.

Өсімдігі Сортаңды сұрғылт топырақ жамылығысында дала өсімдіктерімен қоса аралас астық тұқымдас өсімдікітер өседі. Мал жайылымына қолайлы. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Аягөз ауданы таулары