Розали Андерсон «Энди» Макдауэлл (; 21 сәуір 1958, Гаффни, Оңтүстік Каролина, АҚШ) — америкалық актриса және модель. "Алтын камераның" және мәртебелі "Сезар" иегері.
Балалық шағы Розали Андерсон МакДауэллдің анасы музыка пәнің мұғалімі, ал әкесі орман өнеркәсібінің жұмыскері болып жұмыс атқарған. Эндидің Беверли атты апайы бар. Жастық шағында Stage Door деген ресторан-барда қызмет етіп, 1980 жылдардың басынан Yves Saint Laurent, Vassarette, Armani perfume, Sabeth-Row, Mink International, Anne Klein, Bill Blass сияқты брендтерде модель болып жұмысқа тұрған.
Мансап Модель болған кезінде, Макдауэлл 1984 жылы «Грейстоук: Легенда о Тарзане, повелителе обезьян» фильмінде түседі. Ал актерлық шеберлікке үйрететін курстарға барған соң, 1980 жылдан бастап белсене түсе бастаған. 1989 жылы «Секс, ложь и видео» фильміне түсіп, танымал атанған. Осы фильмнің арқасында үздік әйел кейіпкері ретінде «Независимый дух» премиясын және «Алтын глобус» сыйлығының номинанты атанады. «Вид на жительство» (1991), «День сурка» (1993) и «Четыре свадьбы и одни похороны» (1994) фильмдерінде басты рөлдерді ойнап, тағы екі «Алтын глобус» номинациясын иеленеді. 1993 жылы «Короткие истории» фильмінде түседі. 2001 жылы «Клуб неудачниц» фильмінде рөлге ие болғанымен де, бұл жоба үлкен жетістіктерге жете қойған жоқ.
Жеке өмірі 1986-1999 жылдарда Пол Кволлимен (ағыл. Paul Qualley) некеде болады. Олардың екі қыздары және бір ұлы бар. 2001—2004 жылдарда Рет Хартцог атты жеке кәсіпкердің әйелі болған.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер