Қоянды – Желтау тауларының оңтүстігінде, Қарасу өзенінің оң жағалауындағы тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының солтүстігінде, Егіндібұлақ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 55 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 904 м. Ұзындығы мен ені 3-3,5 км.

Геологиялық құрылымы Девон жыныстарынан түзілген.

Жер бедері Есенаман және Қарасу өзендерінің суайрығы саналады. Беткейлері тік, негізгі жыныстары жер бетіне шығып жатыр.

Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырағында жусан, көде, бетеге, қараған, шатқал, сайларда әр түрлі шөптесін өсімдіктер өседі. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы таулары