Қараермен () – астралылар тұқымдасының жусан туысына жататын көпжылдық өсімдік. Шілде айынан бастап, қыркүйекке дейін гүлдейді. Қазақстанның барлық жерінде өседі. Қараерменнің шөбі мен тамырында эфир майы, холин, адонин, инсулин, шайыр, қант, май, каротин, А, В, және С витаминдері, шырышты және илік заттар болады. Қараерменді халық медицинасында ыстықты төмен түсіретін , тыныштандыратын, құрысуды, әртүрлі ауыртуларды басатын әлдендіретін, асқазан жараларын жазып, глистерден (ішек құртынан) тазартатын, босануды тездететін дәрі деп біледі.

Көптеген елдердің халық медицинасында қараермен етек кірінен тазаруды, сондай-ақ қояншық ауруын, истерияны, неврастенияны, шаншуды, жүйке ауруына байланысты ұйқысыздықты, сол сияқты астың дұрыс қорытылуын реттейтін дәрі ретінде талай замандардан бері пайдаланып келеді. Тіптен оны кейде шемен ауруы мен жатырдан қан кеткенде де қолданады. Шығыста токсикозға, невралгияяға, терінің іріңді ауруларына қарсы қолданылады. Қояншық ауруын емдеу үшін қараермен тамырын көкшешек шөбіне, түймешетен гүлдеріне, арыстанқұйрық шөбіне араластырып пайдаланады.Дәрілік өсімдіктер. Алматы, "Қазақстан", 1975, 172 бет.

Дереккөздер

Санат:Жусандар Санат:Күрделігүлділер Санат:Солтүстік Америка флорасы Санат:Еуразия флорасы