Қияршөп () – айлауыктар тұқымдасына жататын тарбақ бұтақты біржылдық шөп тектес өсімдік. Жапырақтары жұмыртқа пішінді, жіңішке сабақты көгілдір гүлді келеді. Июнь - шілде айларында гүлдейді. Жапырақтарының дәмі қиярдың дәмі секілді болғандықтан оны халық арасында және 18-19 ғасырларда шыққан әдибиеттерде қияршөп деп атап кеткен. Қияршөп балды жақсы беретін өсімдік.
Таралуы Қияршөптің тегі Кіші Азиядан шыққан, егіп өсіріледі, бірақ аздап жабайыланған өсімдік. Оны Орал, Ақтөбе, Шымкент, Семей, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінен сирек те болса кездестіруге болады.
Химиялық құрамы Е. Залесова мен О.Петровскаяның деректері бойынша қияршөп құрамында құрамында селитраның барлығы бұдан бір ғасырға жуық уақыт белгілі болған. Сондай-ақ оның бойында май қышқылдары, сапониндер, пентоздар, аздап эфир майы кездеседі. Дәрі мақсатында оның жер үстіндегі бөлігі мен гүлдері пайдаланылады. Қияршөп шөбін қазанақпен, көкпекпен қосып қайнатынды жасап созылмалы бронхитпен, өкпе демікпесімен, шемен ауруымен сырқаттанушыларға емге қолданады.Дәрілік өсімдіктер. Алматы, "Қазақстан", 1975, 172 бет.
Дереккөздер
Санат:Айлауықтар