Лебяжье — Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Соколов ауылынан солтүстікке қарай 1 км жерде орналасқан көл. Теңіз деңгейінен 91,5 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Ауданы 6 км2, ұзындығы 3,1 км, енді жері 2,7 км, жағалау бойының ұзындығы 10,2 км. Ең терең жері 4 м. Суының массасы 11 млн. м3. Су жиналатын алабы 57,6 км2.

Жағалау сипаты, су байлығы Оңтүстік және шығыс жағалауы тіктеу келген, биіктігі 2-3 м. Солтүстік және батыс жағалауы жайпақ, батысында ұзындығы 900 м, ені 30 м болатын тармақ арқылы Заболотное көлімен жалғасқан. Лебяжьенің түбі тегіс құмды тұнбалы шөгінділерден түзілген. Суының минералдылығы 2-4,5 г/л, орташа кермекті. Лебяжье көлі Есіл өзенінің суымен құбыр арқылы толығып отырады. Көлде балықтың 13 түрі мекендейді. Маңыздыларына тұқы, сазан, табан балық, алабұға жатады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Қызылжар ауданы көлдері Санат:Есіл су алабы көлдері