Қызылсу – Ертіс алабындағы өзен.
Географиялық орны Абай облысы Жарма және Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 185 км, су жиналатын алабы 3280 км2, жалпы ұзындығы 172 км болатын 51 саласы бар. Өзен алабында аумағы 1,1 км2 болатын 2 көл жатыр. Ірі салалары: Ақтасты, Жантас, Шилі, Алаайғыр, Қарабұға, Жаңғызағаш, Күйелі, т.б.
Бастауы Бастауын Бесшоқы тауының батыс бөктеріндегі бұлақтардан алып, Қызылқорған қирандысының батысында Ертіс өзеніне құяды.
Гидрологиясы Қызылсу ауылынан Шалабай ауылына дейінгі жоғарғы ағысы және орта ағысының жағалауы жартасты, жарқабақты және жарлауытты келген. Төменгі ағысында арнасы кеңейіп, алабы сайлы-жыралы келеді. Сағасында ені 10-15 км болатын жайылма құрайды. Өзен бойында елді мекендер көп, алабы жақсы игерілген. Негізінен жер асты және жауын-шашын суларымен толығады. Арнасында жыл бойы ағын болады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ертіс су алабы Санат:Жарма ауданы өзендері Санат:Ұлан ауданы өзендері