Құсты – Маңырақ жотасының солтүстік бөлігіндегі аласа тау.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Тұғыл кентінің оңтүстік-батысында 10 км жерде орналасқан.
Сипаты Абсолюттік биіктігі 619 м. Солтүстігінде Зайсан көлі жатыр, батысынан Қошантай, шығысынан өзімен аттас өзендер ағып өтеді. Тауалдының қоңыр және таулы далалық ксероморфты топырақ жамылғысында жусан аралас астық тұқымдас өсімдіктер, бұталар өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Тарбағатай ауданы таулары