Қаратұрық – Іле алабындағы өзен.

Географиялық орны Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 38 км, су жиналатын алабы 163 км2.

Бастауы Бастауын Бақай тауларының солтүстік бөлігіндегі Теректі тауының (асуының) баурайынан алып, Есдәулетсай (Толқын) тоғанына құяды.

Гидрологиясы Тауқаратұрық ауылына дейін арнасы шатқалды келген. Одан төменде Іле аңғарының жазық бөлігімен ағады. Жазықтағы жағалауы ашық, алабының басым бөлігі жыртылған. Жалпы ұзындығы 50 км болатын 18 саласы мен тармағы бар. Суы егістікке пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Іле су алабы Санат:Еңбекшіқазақ ауданы өзендері