Қарасай – Балқаш көлінің батысындағы өзен.

Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 27 км.

Бастауы Бастауын Үшқара (603 м) тауының шығысындағы адырлы шоқылардағы бұлақтан алып, Сарышаған өзеніне құяды.

Гидрологиясы Арнасында су көктемде 10-12 күндей ғана болады. Сарышаған өзенінің сағасына 19 км жетпей жерге сіңіп кетеді. Ұзындығы 24 км болатын шағын 22 жылғасы бар.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Шет ауданы өзендері Санат:Балқаш су алабы