Қосағаш — Алтай Республикасындағы (Ресей) ауыл, Қосағаш ауданының орталығы. Республика орталығы — Таулы Алтай () қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 530 км. Негізінен, қой мен марал ш-тары дамыған. Егіннен тары, сұлы, бидай өсіріледі. Ауыл арқылы мемл. маңызы бар Таулы Алтай қаласынан Моңғолияға қарай автомобиль жолы (Шүй трактысы) өтеді. Тұрғын халқының басым бөлігі қазақтар.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Алтай Республикасы елді мекендері