thumb|right|200px|Порецкий Платон Сергеевич Платон Сергеевич Порецкий [3 (15). 10. 1846 — 9 (22). 8. 1907] — орыс логигі.
1876—89 ж. Қазан университетінде Ресейде тұңғыш рет математикалық логикадан лекция оқыды. Порецкий логика алгебрасын жасаушы. Логикалық зерттеушілердің ішінде оның салдар теориясы мен логикалық теңдіктің себептерін ашуы айрықша орын алады. Порецкий логиканың алгебрадан айырмашылығы мынада дейді: біріншісі «сапа формаларын», екіншісі «сан формаларын» зерттейді, бірақ бұл айырмашылық осы екі ғылымға ортақ қасиеттерді бүркелемеуі тиіс деп ескертеді.Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9 том
Дереккөздер
Санат:1846 жылы туғандар Санат:1907 жылы қайтыс болғандар Санат:Ресей математиктері