Жамантау – Кент тауының солтүстігіндегі тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Кент ауылынан шығысқа қарай 15 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1400 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Қатпарлы тау массивінен құралған. Жартасты баурайлары көптеген шатқалдармен тілімденген.
Геологиялық құрылымы Пермь және тас көмір гранитоидтарынан, делювийлі-пролювийлі шөгінділерден түзілген.
Өсімдігі Күрең қызғылт қоңыр топырағында қарағай және қарағайлы-қайың ормандары өседі. Тау етегі мал жайылымына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы таулары