Серж Гнабри (нем. Serge Gnabry; 14 шілде 1995 жыл, Штутгарт, Германия) — неміс футболшысы, "Бавария" клубы мен Германия құрамасының жартылай қорғаушысы.

Клубтық мансабы Серждың ең алғаш клубы немістік "Штутгарт". Ағылшындық "Арсенал" сапынна ол 2010 жылы шақырылады. "Арсенал" Сержды неміс клубынан £100 000 сатып алады, бірақ Серж "Арсенал" сапына тек 2011 жылы ғана қосылады. Серж ең алғаш Арсеналдың жастар сапында өнер көрсетеді, ол сапта Серж алты ойын ойнап екі гол соғады.

2012/13 жылғы маусымында Серж "Арсенал" клубының негізгі құрамында өнер көрсетеді. "Арсенал" сапында Серж ең алғаш 2012 жылы 26 қыркүйек күні "Конвентри Сити" клубына қарсы ойнайды. 2013 жылдың 28 қыркүйек күні Серж "Арсенал" сапы үшін ең алғаш голын соғады.

Ұлттық мансабы Серж Германия құрамасының түрлі жастар категориясында өнер көрсеткен. 2013 жылы 22 наурызда Германияның 18 жасқа дейінді құрамасында Серж бір ойын ішінде екі гол соғады, бірақ ол екі голға қарамастан Германия ұлттық құрамасы жеңіліс табады.

Жетістіктері Командалық «Арсенал» Англия кубогы: 2013/14, 2014/15 Англия Суперкубогы: 2014, 2015

«Бавария» Германия чемпионы: 2018/19 Германия Суперкубогы: 2018 УЕФА Чемпиондар Лигасы: 2019/20 УЕФА Суперкубогы: 2020 ФИФА Клубтық әлем чемпионаты: 2020

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері: 2016 Жастар арасындағы Еуропа чемпионы: 2017

Жеке Мюнхендегі маусымның үздік ойыншысы: 2018/19 УЕФА Чемпиондар Лигасының құрамы: 2019/20

Дереккөздер

Санат:Германия футболшылары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Вест Бромвич Альбион ФК ойыншылары Санат:Вердер ФК ойыншылары Санат:Бавария ФК ойыншылары Санат:2016 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері