Кісәпірлік — мінездегі жағымсыз, жексұрын қылық. Кісәпірлік бірнеше мағынада қолданылады: 1. Қалтаға түсіп, ұрлық жасаушы адам. 2. Қиын-қыстау жағдайда шыдамдылық пен төзімділік көрсетіп, ауыр халден құтыла білу.3. Адамдармен қарым-қатынас жасауда өзінің ойындағы мақсатына жету үшін қандай да кедергі-тосқауыл кездесетін болса да ондай жағдайдан босанудың амал-айласын тауып, онан құтылып кете алатын қабілеттілігі. Кісәпірліктің тағы бір ерекшелігі — мақсатты ісін жүзеге асыру үшін түрлі айлакерлік жасап, қару-құрал қолданып, адамдардың өмірін жоюға дейін барады. Мінездегі кісәпірлік істеген ісі мен қимыл-әрекетіндегі қылмысын, ұрлық-қорлығын мойындамай қасарысып қарсылық көрсетуден танбайтын жексұрын қылық. Қ.Жарықбаев, О.Саңғылбаев "Психологиялық энциклопедиялық сөздік", Алматы, 2011 Дереккөздер
Санат: Мінез-құлық