Жақсықылыш — Қызылорда облысы Арал ауданындағы кент, Жақсықылыш кенттік әкімдігі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы Арал қаласынан шығысқа қарай 25 км жерде, Жақсықылыш көлінің оңтүстік жағалауындағы қаражусан аралас көкпек, дегелең өскен құмайтты сор топырақты шөлдік белдемде орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 4549 адам (2324 ер адам және 2225 әйел адам) болса, 2009 жылы 4847 адамды (2468 ер адам және 2379 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы

Өндірісі, инфрақұрылымы Жақсықылышта Аралтұз акционерлік қоғамы, өндірістік кооператив, 5 серіктестік және 9 шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Кентте орта және бастауыш мектеп, кітапхана, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория мен фельдшілік-акушерлік пункт бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобильді және темір жолмен қатынасады.

Дереккөздер

Санат:Арал ауданы елді мекендері