Қойбағар — Ертіс алабындағы тұзды көл.

Географиялық орны мен сипаты Павлодар облысы Ақтоғай ауданындағы Шұға ауылынан солтүстікке қарай 12 км жерде, теңіз деңгейінен 94 м биіктікте жатыр. Аумағы 7,6 км², ұзындығы 4,4 км, енді жері 2,7, жағалау бойынша ұзындығы 14,6 км. Шарасында жыл бойы су болады.

Өсімдігі Батыс жағалауы жазық, қамыс, құрақ өскен, қалған жағалаулары жарқабақты. Суы қатты минералданған. Көктем айларында мал суаруға пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Ақтоғай ауданы (Павлодар облысы) көлдері Санат:Ертіс су алабы