Айдарлы қырқылдақ (Thalasseus sandvicensis) - едәуір ірі денелі (200-300 г, қанатының алымы 1 м шамасында) құс.

Айдарлы қырқылдақтың қара телпегі желкесінде, айдармен аяқталады. Тұмсығы - қуатты, қара реңді, тұмсық ұшы - сары. Еуропаның оңтүстігі, Солтүстік Америка және Солтүстік Американың оңтүстік бөлігіндегі теңіз жағалауларына орын тебеді. Қазақстанда Каспий теңізіндегі аралдарда ұялайды, Аралдан бірнеше рет ұшып өткен. Үлкен шоғыр түзіп, өмір сүреді. Негізгі қорегі - балық, сондай-ақ сан түрлі жәндіктер. Қазақстанда болу мерзімі, сондай-ақ өмір сүру дағдысы айқындалмаған.

Дереккөздер

Санат:Татреңтәрізділер Санат:Еуразия құстары