Пироплазмидтер () немесе бабезиидтер () — қарапайымдардың бір тұқымдасы. Пироплазмидтерді споровиктер немесе саркодалар класына жатқызады. Пироплазмидтер мүйізді ірі қара, жылқы, есек, шошқа, ит т.б. сүтқоректілер эритроциттерінде паразиттік тіршілік етеді. Пироплазмидтерді кене тасымалдайды, қан клеткаларында жыныссыз жолмен көбейеді. Қанмен бірге кене денесіне түскен пироплазмидтер жыныссыз көбейеді де, аналық клеткаға енеді. Жұмыртқа арқылы кененің келесі ұрпағына өтеді, онда ол әр түрлі теріге, оның ішінде сілекей бездеріне орналасады. Ақырында пироплазмидтер қан сорған кенеден омыртқалы жануарларға жұғады. Пироплазмидтерге Babesia (емесе Piroplasma), Babesiidae (немесе Microbabasea) және Nutatallia туыстары жатады, бұлар жануарларды пироплазмидоз, бабезиоз, нутталлиоз деген қауіпті ауруларға шалдықтырады. thumb|center|500px|Бабезия өмірлік циклы Definition: Theileriidae from Online Medical DictionaryTheleriosis: The causal organism and life cycle Дереккөздер
Санат:Эукариоттар