Делавэр () — Америка Құрама Штаттарының Орта-Атлант және Солтүстік-шығыс бөлігіндегі штат. Делавэр Мэрилендпен батыс пен оңтүстікте, Пенсильваниямен солтүстіктен, Нью-Джерсимен солтүстік-шығыста және Атлант мұхитымен шығыста шекараласады. Штаттың аты Делавэр шығанағынан келеді, ал ол шығанақ Томас Уэст, Барон де ла Варрдың құрметіне қойылға. Бұл штат үш округқа (каунтиға) бөлінген: Кент, Нью Кастл және Сассекс. Делавэр Род-Айлендтен кейінгі ең кіші штат болып саналады.
Халық саны 1940: 266 505 адам 1950: 318 085 адам 1960: 446 292 адам 1970: 548 104 адам 1980: 594 338 адам 1990: 666 168 адам 2000: 783 600 адам 2010: 897 934 адам
Дереккөздер
Санат:АҚШ штаттары