Құрманбай Алтайұлы Шойынбаев (1952жылы туған, Сайрам ауданы Қызылту ауыл) – әнші. Дулат тайпасы Сиқым руынан шыққан.
Қазақстан Республикасының халық артисі (1992). 1973 жылында Шымкент қаласындағы әл-Фараби атындағы мәдениет институтын бітіріп, музыка теориясы мен вокал кафедрасында жұмысқа қалады. 1977 жылында Жетісай мәдениет техникумында, 1981 – 1986 жылдарында әл-Фараби атындағы мәдениет институтында ұстаздық қызмет атқарады. 1986 – 1991 жылдарында Құрманғазы атындағы консерваторияны бітіреді. 1972 жылында облысы «Достық» ансамблінің құрамына алынды. 1973 жылнда республика «Саяси әндер» байқауының лауреаты, 1991 жылында 5-республика әншілер байқауының жүлдегері болды, Халықар. Ш.Қалдаяқов атындағы ән-фестивалінің бас жүлдесін алды. М.Әуезов атындағы облысы мемлекеттік университетінің Музыкалық әдістемелік және хор дирижері кафедрасында қызмет етеді. 2007 жылдан бері - Шәмші Қалдаяқов атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық филармониясының қазақ халық аспаптары оркестрінің әртісі. қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі (1992). Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Ұлдары - Бекжан (1976 жылы туған), Бауыржан (1986 жылы туған); қызы -Ақерке (1978 жылы туған).
Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2 Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы Дереккөздер
Санат:9 тамызда туғандар Санат:1952 жылы туғандар Санат:Сайрам ауданында туғандар Санат:Қазақстан опера әншілері Санат:ХХ ғасыр опера әншілері Санат:Қазақстан музыка педагогтары Санат:ХХ ғасыр музыка педогогтары Санат:Құрмет орденінің (Қазақстан) иегерлері Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы түлектері Санат:М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты түлектері Санат:М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты оқытушылары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Санат:Қазақстан тенорлары