Жартасшыл сұлыкеш () — бақ сұлыкешіне өте ұқсас, бірақ тек қана жабық қауырсындарында сары түстің болмауынан ерекшеленетін құс. Биологиялық сипаттама Аталығының әуені - сұлыкештерге негіздес және оңай танылады. Ұялар тастарға жасырылып, жерге салынады. Салындыдағы 4-5 қоңыр теңбілді көгілдір жұмыртқаларды аналығы басады. Ұялау өмірінің дағдысы егжей-тегжейлі аз зерттелген. Таралуы Оңтүстік, Шығыс және Орталық Қазақстанның таулы өңірлерінде қоныстанады. Сусымалы және үйінді тастары бар жартастар беткейін ұнатады. Биік тауларда, мысалы, Тәңіртауда теңіз деңгейінен 3000 м жоғары кездеседі. Жартасшыл сұлыкеш әсіресе қазақ ұсақшоқылары типтес қүрғақ климатта, аласа тауларда көп болады. Бізде бар болғаны жарты жыл - сәуірден қыркүйекке дейін ғана болады, Үндістанда қыстайдыМектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
Дереккөздер
Санат:Сарыторғайлар Санат:Еуразия құстары